iPhone құрылғысында Қарапайым режиммен фотосуреттер мен бейнелер түсіру
iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Камера» қолданбасында фотосуреттер, видеолар мен селфилер түсіре алады және оларды кейінірек «Фотолар» қолданбасында көре алады.
«Камера» қолданбасы басты экранда болмаса, оны қосуыңызға болады. Қарапайым режим үшін қолданбалар қосу, жою және теңшеу бөлімін қараңыз.
Фотосурет немесе видео түсіру
Белсенді болмаса, Қарапайым режимге кіріңіз, одан кейін «Камера» қолданбасына өтіңіз.
Бірнеше камера режимі қолжетімді болса, пайдаланғыңыз келетін режимді түртіңіз (Фото, Фото селфи, Видео немесе Видео селфи).
Кеңес: «Камера» қолданбасын тек бір камера режимін қосу арқылы қарапайым ете аласыз. Камера «Камера» қолданбасы ашылған кездегі режимге тікелей ашылады. Қарапайым режим үшін «Камера» қолданбасын баптау бөлімін қараңыз.
«Фото түсіру» немесе «Видео түсіру» түймесін түртіңіз.
Видеоны немесе видео селфиді жазуды аяқтау үшін «Тоқтату» түймесін түртіңіз.
Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Фотолар» қолданбасында өзі түсірген фотосуреттер мен видеоларды көре алады. «Фотолар» қолданбасы басты экранда болмаса, оны қосуыңызға болады. Қарапайым режим үшін «Фотолар» қолданбасын баптау бөлімін қараңыз.
Қарапайым режимдегі кез келген экранда Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.