Қосылған нәрселер
iMac Pro компьютерін пайдалану үшін сізге қорапта берілген екі қосалқы құрал қажет—Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard және Magic Mouse 2.
Маңызды: Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard және Magic Mouse 2 құрылғыларын пайдалануды бастау үшін әрбір құрылғының on/off қосқыштарының қосулы (жасыл түс көрінеді) екенін тексеріңіз. Құрылғылар iMac Pro компьютеріне автоматты түрде қосылады.
Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard: Зарядталатын Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard құрылғысы iMac компьютеріңізбен қосылып қойған және пайдалануға дайын. Пернетақтаны зарядтау керек болғанда немесе оны қайтадан қосуыңыз керек болса, оны iMac Pro компьютеріңізге берілген Lightning to USB кабелін пайдаланып қосыңыз.
Пернетақтаңыздың жұмыс істеу жолын теңшеу үшін System Preferences терезесінде Keyboard түймесін басыңыз, одан кейін пернетақта, мәтін, пернелер тіркесімдері және енгізу көздері үшін қолжетімді параметрлерді көру үшін жоғарғы жақтағы түймелерді басыңыз. Пернетақтадағы функция пернелерінің қандай әрекеттерді орындайтынын білу үшін iMac Pro Magic Keyboard бөлімін қараңыз.
Magic Mouse 2: Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard сияқты зарядталатын Magic Mouse 2 құрылғыңыз да iMac Pro компьютерімен қораптан тыс қосылып қойған; оны компьютер ауқымында кез келген жерде пайдалана аласыз. Тінтуірді зарядтау керек болғанда немесе оны қайтадан қосуыңыз керек болса, оны iMac Pro компьютеріңізге берілген Lightning to USB кабелін пайдаланып қосыңыз.
Қимылдарыңызды теңшеу үшін System Preferences терезесінде Mouse түймесін басыңыз, одан кейін барлық айналдыру, басу, сипау және түрту параметрлерін көру үшін жоғарғы жақтағы түймелерді басыңыз.
iMac Pro компьютеріңізді қосымша Magic Trackpad 2 тақтасымен теңшеген болсаңыз, ол iMac Pro компьютерімен қосылған күйде келеді және пайдалануға дайын. Magic Trackpad 2 құрылғысын бөлек сатып алған болсаңыз, оны Bluetooth функциясын пайдаланып қосу үшін оны iMac Pro компьютеріне берілген Lightning to USB кабелімен қосыңыз. Құрылғыларды қажетінше зарядтау үшін осы кабельді пайдаланыңыз, одан кейін оларды ажыратып, өзіңізге қолайлы орында пайдаланыңыз.