Деректеріңізді жаңа MacBook Air компьютеріңізге тасымалдау
Файлдар мен параметрлерді басқа Mac компьютерінен немесе компьютерден MacBook Air компьютеріне көшіру оңай. Ақпаратты MacBook Air компьютеріңізге ескі компьютерден — немесе USB сақтау құрылғысындағы Time Machine сақтық көшірмесінен—сымсыз немесе Ethernet кабелімен және адаптерлерімен тасымалдауыңызға болады.
Ескі компьютеріңіздегі macOS нұсқасын ондағы ақпаратты тасымалдамастан бұрын жаңартуыңыз керек болуы мүмкін—Migration Assistant көмекшісі macOS 10.7 немесе одан кейінгі жүйені талап етуі мүмкін, бірақ ескі компьютеріңізді мүмкіндігінше ең соңғы нұсқаға жаңартқан дұрыс болады. Сізде қандай MacBook Air компьютері бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілер туралы ақпарат алу үшін MacBook Air компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Кеңес: Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа MacBook Air компьютеріңізде macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы іске қосылып тұрғанын тексеріңіз. System Preferences терезесін ашыңыз, одан кейін жаңартуларды тексеру үшін Software Update түймесін басыңыз.
Компьютерден Mac компьютеріне көшіңіз. Mac компьютерін бірінші рет пайдалансаңыз және Windows компьютерінен ауысқыңыз келсе, macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Ақпаратты компьютерден Mac компьютеріне тасымалдау бөлімін және Деректерді Windows компьютерінен Mac компьютеріңізге көшіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Сымсыз тасымалдаңыз. Деректерді MacBook Air компьютеріңізді бірінші рет орнатқанда тасымалдау үшін Setup Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Деректерді кейінірек тасымалдау үшін Migration Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Сымсыз ауысуды орындау үшін Finder терезесін ашыңыз, Applications тармағына өтіңіз, Utilities терезесін ашыңыз, одан кейін Migration Assistant түймесін екі рет басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес: Ақпаратты ескі компьютерден MacBook Air компьютеріне сымсыз тасымалдау үшін екі компьютердің де бір желіге қосылғанын тексеріңіз. Тасымалдау процесі кезінде екі компьютерді бір біріне жақын қойыңыз.
Time Machine функциясын файлдарды басқа Mac компьютерінен сақтау құрылғысына (сыртқы диск сияқты) сақтық көшірмелеу үшін пайдаланған болсаңыз, файлдарды құрылғыдан MacBook Air компьютеріне көшіруіңізге болады. Mac компьютеріңізді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
Файлдарды USB сақтау құрылғысынан көшіріңіз. Сақтау құрылғысын MacBook Air компьютеріңізге USB-C to USB Adapter адаптерін (MacBook Air компьютерінің қосалқы құралдары бөлімін қараңыз) пайдаланып қосыңыз. Одан кейін, файлдарды сақтау құрылғысынан MacBook Air компьютеріңізге сүйреңіз.
Ethernet желісін пайдаланып тасымалдаңыз. Деректерді Ethernet желісінде тасымалдау үшін Ethernet кабелін MacBook Air компьютеріңізге қосу үшін адаптерді (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. Ethernet кабелінің екінші жағын басқа компьютерге (компьютерде Ethernet порты болмаса, басқа адаптер қажет болуы мүмкін) қосыңыз. Ethernet желісін пайдаланып деректерді тасымалдамастан бұрын MacBook Air батареясының толық зарядталғанын тексеріңіз.
Мазмұныңызды қалпына келтіріңіз. Mac компьютеріңізді Time Machine немесе басқа сақтық көшірмеден қалыпа келтіру жолы туралы мәліметтер алу үшін Mac компьютеріңізді сақтық көшірмеден қалпына келтіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Ақпаратты Mac компьютеріне басқа компьютерден немесе құрылғыдан тасымалдау бөлімін және Мазмұныңызды жаңа Mac компьютеріне көшіру жолы атты Apple Support мақаласын қараңыз.