XIAOMI КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
- смартфон
- Mi TV
БҰЛ КЕПІЛДІК СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚҰҚЫҚТАР БЕРЕДІ ЖӘНЕ ОЛАР ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҚТЫҢ НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН. КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ, ШЕТКІ АЙМАҚТАРДА НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢМЕН ЕҢ ҚЫСҚА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ КӨЗДЕЛГЕН. XIAOMI КОМПАНИЯСЫ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕННЕН БАСҚА ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ШЕКТЕМЕЙДІ ЖӘНЕ ТОҚТАТПАЙДЫ. ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНУ ҮШІН ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҒЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ОБЛЫСЫҢЫЗДЫҢ ЗАҢДАРЫМЕН ТАНЫСУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ. Шартта көрсетілген осы кепілдік Xiaomi өнімдерінің (бұдан әрі «өнім») тек аппараттық құрамдастарына қолданылады және Xiaomi компаниясына немесе соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі, бөлек кепілдік міндеттемелері немесе ерекшеліктер берілген немесе қолданылатын үшінші тараптарға тиесілі кез келген бағдарламалық жасақтамаға немесе басқа жабдықтарға қолданылмайды.
ӨНІМНІҢ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ
Xiaomi компаниясы алғашқы сатып алушыға Xiaomi өнімінің кепілдік мерзімінде қалыпты пайдалану кезінде материалдардағы ақаулықтарға және дайындау сапасына кепілдік береді. Қолданыстағы заңнамен басқаша берілмеген жағдайда, сатып алынған күннен бастап, кепілдік негізгі құрылғыға бір (1) жылға, алынбалы аккумулятор мен зарядтау құрылғысына алты (6) айға, алынбайтын аккумуляторға бір (1) жылға және құлаққапқа, егер қолданылса, үш (3) айға беріледі. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, Хiaomi компаниясы қолданыстағы заңнамамен көзделген заңды ең қысқа кепілдік мерзімін жоймайды, оны жүзеге асыруды шектемейді және тоқтатпайды. Xiaomi компаниясы өнімнің үзіліссіз немесе қатесіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ
Егер кепілдік мерзімінде жабдық тоқтап қалып, Xiaomi компаниясына негізделген шағым түссе, Xiaomi компаниясы (1) өнімді тегін жөндейді, жаңа немесе жаңартылған ауыстырмалы бөлшектерді пайдаланады, (2) өнімді жаңа немесе жаңартылған өнімге ауыстырады немесе (3) болуы мүмкін тасымалдау шығындарын қоспағанда, өнім ақысын өтейді.
Ақаулық болған жағдайда заңмен рұқсат етілген толық деңгейде бұл сіздің жалғыз және айрықша құқықтық қорғау құралдары болып табылады. Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайларда, тасымалдау және өңдеуге арналған ақылар алынуы мүмкін. Кез келген ауыстырмалы аппараттық өнім үшін бастапқы кепілдік мерзімінің қалған мерзіміне немесе отыз (30) күнге, қайсысы ұзағырақ болса, сол мерзімге немесе юрисдикцияңызда қолданылуы мүмкін кез келген қосымша уақыт кезеңіне кепілдік беріледі.
КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Xiaomi компаниясы клиенттен сатып алу мәліметтері бойынша дәлелдемелерді және өнімнің IMEI коды бар кепілдік картасын көрсетуді талап етуі мүмкін. Өнімде сақталған кез келген деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың резервтік көшірмесін жасау сіздің жауапкершілігіңіз болып табылады. Қызмет көрсету барысында мұндай деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың жоғалып кетуі немесе түрлендірілуі мүмкін, Xiaomi компаниясы кез келген осындай зақымдалу немесе жоғалуға жауап бермейді.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Егер Xiaomi компаниясымен басқаша көзделмесе, осы шектеулі кепілдік тек жабыстырылған «Xiaomi» немесе «Mi» сауда белгісі, сауда атауы немесе логотип арқылы анықтауға болатын, Xiaomi компаниясымен немесе Xiaomi компаниясы үшін өндірілген өнімдерге қолданылады. Шектеулі кепілдік төмендегілерге қолданылмайды: (a) Табиғат апаттарына, мысалы, найзағай түсу, қатты құйын, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептерге байланысты зақымдалу; (ә) немқұрайлылық; (б) оммерциялық мақсаттарда пайдалану; (в) өнімнің кез келген бөлшегін түзету немесе өзгерту; (г) Xiaomi өнімдерінен басқа өнімдермен пайдалануға байланысты зақымдалу; (ғ) оқыс оқиға, дұрыс пайдаланбау немесе қиянат жасауға байланысты зақымдалу; (д) Өнімді Xiaomi компаниясымен сипатталған рұқсат етілген немесе мақсатты пайдаланудан тыс немесе дұрыс емес кернеу немесе қуатпен пайдалану нәтижесінде туындаған зақым; (ж) Xiaomi компаниясының өкілі болып табылмайтын кез келген адамның қызмет көрсетуі (жаңартулар мен кеңейтімдерді қоса) нәтижесінде туындаған зақым немесе (з) өнімді пайдалану бойынша нұсқауларды орындамау Осы шектеулі кепілдік қамтымайтын бағдарламалық жасақтамаларды және пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату. Xiaomi делдалына, агентіне немесе қызметкеріне осы шектеулі кепілдікті өзгертуге, ұзартуға немесе толықтыруға рұқсат етілмейді. Егер қандай да бір талап заңсыз немесе заң тұрғысынан жарамды болса, қалған талаптардың заңдылығы мен заң тұрғысынан жарамдылығына ықпал етілмеуі немесе олардың бұзылмауы тиіс. Заңдармен тыйым салынған немесе Xiaomi компаниясымен басқаша қарастырылмаған жағдайларды қоспағанда, сатылымнан кейінгі қызмет көрсету бастапқы сатып алу елінде немесе аймағында орындалуы тиіс. Осы кепілдіктер тиісті түрде импортталмаған және/немесе Xiaomi компаниясымен өндірілмеген және/немесе Xiaomi компаниясынан немесе Xiaomi компаниясының ресми сатушысынан тиісті түрде алынбаған өнімдерді қамтымайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз өнімді сатқан ресми емес сатушының кепілдіктерінен пайда көре аласыз. Сондықтан Xiaomi компаниясы өнімді сатып алған сатушымен байланысуды ұсынады. Осы кепілдіктер Гонконгта және Тайванда қолданылмайды.
ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, барлық ұйғарынды кепілдіктер (коммерциялық кепілдіктер мен белгілі бір мақсаттарға сай болуымен қоса) осы шектеулі кепілдіктің ұзақтығымен шектелуі тиіс. Кейбір юрисдикцияларда ұйғарынды кепілдіктің ұзақтығы бойынша шектеулерге жол бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер сізге қолданылмауы мүмкін.
ЗАҚЫМДАЛУ ШЕКТЕУЛЕРІ
Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, Хiaomi компаниясы кез келген кездейсоқ, жанама, әдейі немесе кезекті зақымдарға, соның ішінде шығындар, табыс немесе деректерді жоғалтумен шектелмей, анық немесе ұйғарынды кепілдіктің немесе шарттың бұзылуына байланысты немесе кез-келген басқа құқық теориясы бойынша, тіпті Хiaomi компаниясы осындай зақымдардың мүмкін болуы туралы хабардар болғанымен де, жауапкершілік алмайды. Кейбір юрисдикциялар әдейі, жанама, кездейсоқ немесе кезекті зақымдарды алып тастауға немесе шектеуге жол бермейді, сондықтан жоғарыда аталған шектеулер немесе алып тастау сізге қолданылмауы мүмкін.
Mi TV үшін шектеулі кепілдік саясаты
I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл Xiaomi Technologies Kazakhstan LLP ("Xiaomi", "біз" немесе "біздікі") компаниясының ресми шектеулі кепілдік саясаты ("Саясат"), тек Mi TV ("Өнім") өнімдеріне қолданылады, оларды тұтынушы ("Тұтынушы" немесе "Сіз") Xiaomi компаниясынан тікелей сатып алған.
Xiaomi Technologies Kazakhstan LLP — Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған шектеулі жауапкершілігі бар серіктестік, бизнес сәйкестендіру нөмірі 240440000964, тіркелген мекенжайы: Офис 2101, 2 блок, 10 қабат, "Жібек Жолы" бизнес орталығы, Жібек Жолы даңғылы, 135, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
II. КЕПІЛДІК САЯСАТЫ
Xiaomi Өнімнің сапаны қамтамасыз ету және сапаны бақылау рәсімдерінен өткенін кепілдік береді. Xiaomi барлық Өнімдер нормалық жағдайда пайдалану кезінде материалдық және өндірістік ақаулардан бос болмайтынын кепілдемейді. Алайда, Xiaomi Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы № 274-IV заңына сәйкес белгіленген минималды кепілдік мерзімін жоққа шығармайды, шектемейді немесе жоя алмайды. Xiaomi Өнімі үздіксіз жұмыс істейтіндігіне немесе қателіксіз жұмыс істейтіндігіне кепілдік бермейді.
Кепілдік мерзімі сатып алу күнінен немесе Өнімді іске қосу күнінен бастап есептеледі, қайсысы ертерек басталатынына байланысты.
Өнім | Mi TV |
Кепілдік мерзімі | 1 жыл |
Қызмет ету мерзімі | 5 жыл |
Кепілдік міндеттемелер көлемі | Өндірістік ақаулар мен ауыстырылатын бөлшектер |
Кепілдік қызмет түрлері | Қызмет көрсету орталығында / Үйде қызмет көрсету / Сервис орталығына жеткізу |
Қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының негізгі қалаларында бар. Біздің ресми қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайларын mi.com/kz сайтынан таба аласыз және өзіңізге жақын сервис орталығына барып қызмет ала аласыз.
Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасындағы негізгі қалаларының көпшілігінде қолжетімді. Xiaomi колл-центр қызметкері сіз көрсеткен мекенжайға маман тағайындайды, тәжірибелі инженер қажетті жұмыстарды үйіңізде орындайды.
Егер сіздің қалаңызда сервис орталығы болмаса, Xiaomi колл-центр қызметкері ақаулы құрылғыны ресми қызмет көрсету орталығына жеткізу үшін курьер тағайындайды, қызмет көрсету орталығы оны жөндеп, көрсетілген мекенжайға қайтарады. Жеткізу құнын Xiaomi төлейді.
III. ЗАҢДЫҚ ШАРАЛАР
Өнімнің ақауы анықталып, кепілдік мерзімі ішінде жарамды шағым түссе, Xiaomi:
(a) Өнімді тегін жөндеп, жаңа ресми қосалқы бөлшектерді қолдануға міндеттенеді;
(b) Егер ақау 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде анықталса, Өнімді жаңаға ауыстырады;
(c) Егер ақау 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде анықталса, Өнімді қайтара алады.
Xiaomi қайтару шығындарын өтейді, қайтару өндірістік ақаулар немесе Xiaomi-ға қатысты қателіктерден туындаса да, немесе Өнім(дер) дұрыс сапада болса да.
Ауыстырылған Өнім(дер) кепілдігі алғашқы кепілдік мерзімінің қалған уақытына, бірақ кемінде 30 (отыз) күн немесе сіздің заңдарыңызда рұқсат етілген қосымша уақыт ішінде жарамды болады.
IV. КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Тұтынушылар құқықтарын қорғау заңына сәйкес, Xiaomi сатып алу туралы түбіртек пен Өнімнің сериялық нөмірі бар кепілдік картасын сұрауы мүмкін. Сіз Өнімде сақталған деректерді, бағдарламалық жасақтама мен басқа материалдарды сақтауды өз жауапкершілігіңізге аласыз. Бұл деректер, бағдарламалар немесе басқа материалдар қызмет көрсету барысында жоғалуы немесе қайта пішімделуі мүмкін. Xiaomi мұндай залал үшін жауапкершілік көтермейді.
V. ЕРЕКШЕЛІТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Егер Xiaomi басқаға сілтеме жасамаса, бұл Саясат тек Xiaomi немесе “Mi” сауда маркасымен немесе логотипімен өндірілген немесе шығарылған Өнімдерге қолданылады.
Саясат келесі жағдайларға қолданылмайды:
(a) табиғи апаттардан туындаған зақымдар, мысалы, найзағай, торнадо, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептер;
(b) абайсыздық;
(c) коммерциялық пайдалану;
(d) Өнімнің кез келген бөлігін өзгерту;
(e) үшінші тарап өнімдерін пайдалану салдарынан туындаған зақымдар;
(f) оқыс жағдайлардан, асыра пайдаланудан немесе дұрыс пайдаланбаудан туындаған зақымдар;
(g) Өнімді дұрыс емес мақсатта немесе сәйкес келмейтін кернеу немесе қуат көзімен пайдалану салдарынан туындаған зақымдар;
(h) Xiaomi емес қызметкерлері орындаған қызмет көрсету (жөндеу немесе жаңарту) кезінде пайда болған зақымдар;
(i) Өнімді пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындамау.
Бағдарламалар мен пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату бұл Саясатқа енгізілмейді. Xiaomi-дің сауда өкілдері, агенттері немесе қызметкерлері осы Саясатқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы емес. Егер қандай да бір шарт заңсыз немесе орындалмайтын болып табылса, қалған ережелердің заңдылығы немесе орындалуы бұзылмайды.
Қызмет көрсету тек Қазақстан Республикасындағы Өнімдерге қатысты ұсынылады, егер Өнімдер ҚР-да сатып алынған болса, Xiaomi осы аумақ шегінен тыс қамтуды кеңейту үшін арнайы қызмет ұсынатын жағдайларды қоспағанда.
Бұл Саясат Xiaomi-дан сатып алынбаған немесе дұрыс импортталмаған және (немесе) Xiaomi компаниясынан сатып алынбаған Өнімдерге қолданылмайды.
VI. ЖАНАМА ГАРАНТИЯЛАР
Бұл Саясат Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен қамтамасыз етілген жанама кепілдіктерді, оның ішінде, бірақ шектеусіз, тауарлық күй мен нақты мақсатқа жарамдылық кепілдігін жоққа шығармайды немесе шектемейді. Сіз Өнімдердің келісім шартқа сәйкес емес екенін аныұтасаңыз, оларды ауыстыру немесе жөндеу үшін қайтарып бере аласыз, егер осы сәйкессіздік кепілдік мерзімі ішінде байқалса, Xiaomi Өнім(дер) үшін ұзақ сақтау мерзімін белгілемеген болса. Өнімдерде келісім шартқа сәйкессіздік байқалса, олардың қайтарылуы тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен реттеледі.
Кепілдік мерзімі ішінде қандай да бір ақау табылса, тұтынушы Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңының ережелері бойынша талап қоюға құқылы, бұл ретте тұтынушы дефекттің жеткізілу кезінде бар екендігін немесе жеткізуден бұрын туындағанын дәлелдеуге міндетті.
VII. ЗАЛАЛДЫ ШЕКТЕУ
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңында рұқсат етілген дәрежеде Xiaomi тауардағы ақаулар немесе шарттық немесе заңмен белгіленген міндеттемелерді бұзу салдарынан келтірілген залалды қоспағанда, пайданы, кірістерді немесе деректерді жоғалтуды қоса алғанда, кездейсоқ, жанама немесе ерекше залал үшін жауапты болмайды.
Бұл шектеу тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау заңымен қамтамасыз етілген зиянды өтемақы талаптарын шектемейді, оның ішінде ақаулы Өнімдерді пайдаланудан туындаған залалдар.
VIII. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Қосымша ақпарат алу үшін: https://www.mi.com/kz-kk/support/ сайтынан қараңыз. Қосымша көмек алу үшін келесі байланыс деректерімен хабарласыңыз: 8-800-100-30-00 (Дүйсенбі — Жұма: Астана уақыты бойынша 09:00-18:00).